ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ

АТЫРАУ

SOCIAL AND ENTREPRENEURIAL CORPORATION

Contact
+7 (7122) 52 33 93

РУС

ENG

Тұрақтандыру қоры аясында жаңа кәсіпкерлермен шарт жасау туралы

«Атырау» ӘКК» АҚ кәсіпкерлерден әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру мақсатында жеңілдетілген заемдар беру бағдарламасына қатысуға өтінімдер қабылданатынын хабарлайды.

Неліктен бұл маңызды?

Жеңілдетілген заемдар беру – ӘМАТ бағасын тұрақтандырудың тиімді құралы. Заем алған жағдайда сауда желілері мен тауар өндірушілер жеңілдік негізінде айналым қаражатына қол жеткізіп, өз кезегінде өнімді нарықтағыдан төмен бекітілген бағамен сатуға міндеттеме алады.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына шекті сауда үстемесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қарау және заем беру үшін кәсіпкерлік субъектілерін іріктеуді Атырау облысы әкімдігі жанындағы Комиссия жүзеге асырады.


Заем беру шарттары


Қажетті құжаттар

  1. Заем сомасын, тауар тізімін және қайтару мерзімдерін көрсете отырып берілетін өтінім.
  2. Тіркеу құжаттары (ЖК/Заңды тұлғаның тіркеу туралы куәлігі, Жарғысы, басшыны тағайындау туралы шешім/бұйрық).
  3. Есеп айырысу шотының бар екендігі туралы банк анықтамасы.
  4. Өткен және/немесе ағымдағы жылға қаржылық есептілік.
  5. Салықтық берешектің және екінші деңгейлі банктер алдындағы берешектің жоқтығы туралы анықтамалар.
  6. Кепілге қойылатын мүлікке қатысты құжаттар (бар болған жағдайда).
  7. ӘМАТ өткізуге арналған сауда орындары туралы ақпарат (мекенжайы, жалдау шарты, фотосуреттер).

Құжаттарды қайда тапсыру керек

Құжаттар «Атырау» ӘКК» АҚ кеңсесіне тапсырылады.