Бізге келіп түсетін сұрақ, өтінімдердің дені кепілдік туралы. Әдетте кепілзаты бар және өтінімін банк тарапы мақұлдап, мемлекеттік бағдарламаға қатысуға мүмкіндік туған кәсіпкерлер кепілдікті Қор талап етпейтінін жақсы біледі.

Қор тарапынан қолдау алсам деген жанның бірінші барар жері банк. Бұл – мемлекеттік бағдарлама ережесі бойынша бекітілген және Қор оны жүзеге асырушы функцияға ие. Несие берерде банк тарапы алдымен жобаны зерттеп, қаржы-экономикалық тиімділігін тексереді. Тек содан кейін ғана мақұлдап, оң шешім шығарса ғана кепілдік мәселесіне қарай ойысады. Яғни, кепілдік – банкке керек. Ол қарыздың қайтпай қалуын сақтандыратын сома немесе мүлік. Банк кепілдікті сол үшін талап етеді.

Кепілзат ұсыну міндетті. Тіпті Қор ұсынатын кепілдендіру құралына өтінім берген жағдайда да кәсіпкерде несие сомасының бір бөлігін жабатын кепілзаты болуы керек. Атап айтқанда:

1️⃣ Ісін жаңа бастаған, яғни банкке несие сұрап барған кезде бизнес тіркегеніне 3 жылдан аспаған кәсіпкерде жоқ дегенде несие сомасының 15 пайызын құрайтын кепілзат;
2️⃣ Бизнесі бұрыннан жүріп тұрған, яғни банкке несие сұрап барған кезде бизнес тіркегеніне 3 жылдан асқан кәсіпкерде несие сомасының 50 пайызын құрайтын кепілзат болуы шарт.

Кепілдендірудің толық шарттарын білу үшін damu.kz сайтына кіріп немесе 📞1408 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалу керек. Несие алмақ болған банкке барып та алдын-ала анықтаған жөн. Әр банктің кепілдік саясаты әртүрлі болуы мүмкін.

📍«Даму» Қоры. Біздің қолдауымыз — Сіздің дамуыңыз.