Қазір көптеген қызмет түрі онлайнға көшті. Ыңғайлы, шығынсыз, уақыт үнемдейді. «Даму» Қоры да кәсіпкерлерге осы мүмкіндікті ұсынады. Несиені субсидиялау немесе банк талап еткен кепілзат жетпесе Қордың кепілдігін алу үшін өтінімді үйде отырып-ақ беріңіз.
Ол үшін елдің қай өңірінде жүргеніңіз маңызды емес. Цифрлық қолтаңба кілтіңіз бен интернет болса жеткілікті. Даму Қорының қолдау құралдарын Online.Damu.kz порталына кіріп тауып аласыз.
📌 Неден бастайсыз? Қадам-қадаммен түсіндірейік:
1️⃣ Алдымен https://online.damu.kz/ порталына тіркеліңіз
2️⃣ Одан кейін «Өтінім беру» нүктесін басып, форманы толтырасыз. Қажетті құжаттарды қоса жүктейсіз.
3️⃣ Өтініміңізге цифрлық қолтаңба кілті көмегімен қол қоясыз
Сіз жіберген өтінім автоматты түрде «Даму» Қорының қарауына түседі.
Өтінім берген кәсіпкер жеке кабинеттен оның қай деңгейде қаралып жатқанын бақылай алады. Статус өзгерген сайын sms-хабарлама келіп тұрады.
Егер қандай да бір қиындық туындап немесе онлайн қызмет барысында көмек қажет болса – 1408 қысқа нөміріне тегін қоңырау шалып кеңес ала аласыз.
«Даму» Қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *