Жеке көліктері жоқ қала тұрғындарының басым көпшілігі межеленген жерге қоғамдық көлікпен қатынайды. Өткен жылы облыс әкімдігінің тапсырмасымен және Атырау әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының қолдауымен қалаға 91 автобус сатып алынды. Биыл жұмыс сапасын арттыру мақсатында тағы да 150 автобуспен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Тұрғындар ыңғайы үшін осы жылы барлық автобустарға электронды төлем жасау жүйесі енгізіледі.