«Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлерге несиенің мөлшерлемесін 6%-ға дейін азайтып, несие сомасының 85%-ына дейін кепілдік алуға мүмкіндік бар.
Шарттарына тоқтала кетейік:
⠀

Бағдарламаның 1-бағыты бойынша жобаны субсидиялау шарттары:

Максимал сома:

инвестиция үшін — 20 млн теңгеге дейін

айналым қаражатын толықтыруға — 5 млн теңгеге дейін

Сыйақы мөлшерлемесі – субсидия есебінен 6%-құрайды

Бағдарламаның 2-бағыты бойынша жобаны субсидиялау шарттары:

Максимал сома: 7 млрд теңгеге дейін

Сыйақы мөлшерлемесі — субсидия есебінен 6%-құрайды

Несие аларда банк талап еткен кепілдікті түгел ұсына алмаған кәсіпкерге бағдарламаның бірінші бағыты аясында: «Микро және шағын кәсіпкерлікке портфельді кепілдік» қарастырылған. Ол бойынша:

Максимал сома: 20 млн теңге;

Кепілдік көлемі: несие сомасының 85%-ы
Бағдарламасының екінші бағыты аясында: «Индустриал-инновация қызметіндегі кәсіпкерлерді салалық қолдау» үшін кепілдік бар.

Ісін жаңа бастаған кәсіпкерлер үшін:

Максимал сома: 360 млн теңгеге дейін

Кепілдік көлемі: несие сомасының 85 %-ына дейін
⠀

Бизнесі бар кәсіпкерлер үшін:

Максимал сома: 1 млрд теңгеге дейін

Сауда саласындағы максимал сома: 100 млн теңгеге дейін

АҚТ үшін макимал сома: 500 млн теңгеге дейін

Кепілдік көлемі: несие сомасының 50%-ына дейін
Кепілдіктер несие мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі.
Бағдарламаға кім және қандай шартта қатыса алатыны туралы толық ақпаратты Қордың
https://www.damu.kz сайтынан немесе 1408 қысқа нөміріне (тегін) қоңырау шалып анықтай аласыз.

«Даму» Қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз!