Бизнесті шариғат шарттарына сай несиелеу құралы елде пайда болғалы аса көп уақыт өте қоймаса да Қазақстанның несие нарығында өз орнын алып үлгерді. «Даму» Қоры 2020 жылдан бастап ислам қаржыландыру бағдарламасы арқылы шағын және орта бизнесті қолдауды жүзеге асыра бастағаны белгілі. Бұл қандай құрал? Оны қай банк жүзеге асырады деген сауал бізге жиі қойылады.
«Даму» Қоры ислам қаржыландыру қағидаттары бойынша ШОБ-ты жеңілдікті шарттармен несиелеу үшін «Al Hilal» Ислам банкі» АҚ және «Kazakhstan Ijara Company» АҚ-мен жұмыс істейді.
Қор исламдық қарыздардың үстеме бағаларын «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында субсидиялап, 6%-ға түсіреді.
📌 Бағдарлама шарттары:
✅ Максимал соманы банк белгілейді
✅ Пайда мөлшерлемесі:
«Al Hilal» Ислам банкі» АҚ үшін 15,5%-ға дейін
«Kazakhstan Ijara Company» АҚ үшін 16,5%-ға дейін
✅ Несиелеу мерзімі:
▪️ 84 айға дейін («Al Hilal» Ислам банкі» АҚ);
▪️ 60 айға дейін («Kazakhstan Ijara Company» АҚ) ;
✅ Несиелеу мақсаты:
Инвестиция, айналым қаражатын толықтыру, банк бұрын қаржыландырған жобаларды іштей қайта қаржыландыру;
✅ Салалық шектеу жоқ
✅ Несие алу үшін:
1️⃣ Банкке барып кеңес алып;
2️⃣ Қажетті құжаттарды жинап;
3️⃣ Өтінім беріп;
4️⃣ Оң шешімді күту керек
💻 Толық ақпаратты https://alhilalbank.kz/…/finansirovanie-dlya-malogo… және https://kic.kz/?page_id=3651&lang=ru сілтемесі бойынша біле аласыз
📱 Сондай-ақ 2330 қысқа нөміріне (тегін) және +7 727 228 18 18 нөміріне қоңырау шалуға болады.
Қордың өз қалаңыздағы филиалына да хабарласа аласыз. damu.kz сайтындағы «Бізбен хабарласу» бөлімінде барлық филиал мекенжайы мен телефон нөмірі бар.
«Даму» Қоры. Біздің қолдауымыз – Сіздің дамуыңыз!